Қарағанды, 2023 жылғы 23 қараша — Денсаулық сақтау мамандарына арналған созылмалы миелопролиферативті ауруларды (МПА) диагностикалау мен емдеуге арналған тәжірибе алмасу бағдарламасы бүгін аяқталды. Бағдарлама 2023 жылғы 21–23 қараша аралығында Қарағанды қаласының Гематология орталығы филиалында (Сәкен Сейфуллин даңғылы, 17) өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар трепанобиопсия техникасы, патоморфологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау бойынша білімдерін жаңартты, сондай-ақ диагностикалық шкалаларды пайдалануды үйренді. Бағдарлама аясында МПА-10 сауалнамасын күнделікті тәжірибеге енгізудің практикалық қырлары қарастырылды. Сондай-ақ дәрістер, интерактивті мастер-кластар, клиникалық жағдайлар мен ситуациялық тапсырмаларды талқылайтын тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — миелопролиферативті жаңа түзілімдермен ауыратын пациенттерді жүргізудегі клиникалық тәжірибені жетілдіру.
Бағдарлама гематолог дәрігерлерге арналған және МПА диагностикасы мен жүргізуіне қатысты кең ауқымды тақырыптарды қамтыды. Іс-шараға Ақтөбе, Петропавл, Семей, Павлодар, Талдықорған, Алматы, Астана, Өскемен қалаларынан келген 12 маман қатысты.
Іс-шара Novartis Pharma Services AG компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.