Өткен аптада қалада Гематология орталығының дәрігерлері Эльвира Ибраевна Тлеугалеева мен Әсем Ануарбекқызы Спакова қабылдау жүргізді.

Өткен жылы арнайы Балқаш қаласы үшін пациенттермен өзара әрекеттесудің жаңа форматтары енгізілді: гибридті форматтағы консультациялар (дәрігердің көмекшісі офлайн қабылдау жүргізеді, ал дәрігер онлайн қосылады) және шығармалы күндізгі стационар. Шығармалы күндізгі стационардың ерекшелігі – Гематология орталығының гематолог-дәрігерлері әр 3–4 ай сайын Балқашқа келіп, пациенттерді қабылдайды және бұрын бұл аймақ тұрғындарына Қарағандыға баруға тура келген зерттеулерді осында өткізеді.

Эльвира Ибраевна мен Әсем Ануарбекқызы Балқашта екі күн жұмыс істеді. Таңертең күндізгі стационар пациенттерін қабылдап, генетикалық талдауларға, қан ұю факторлары деңгейіне материал алды, түстен кейін бетпе-бет қабылдау жүргізді. Пациенттер өз дәрігерлерін көргеніне қуанды (бұған дейін олар тек онлайн кездескен, себебі Эльвира Ибраевна қабылдауды гибридті форматта жүргізетін). Сондай-ақ, жаңа жұмыс форматы енгізілгеннен бері енді тексерілу үшін Қарағандыға күндізгі стационарға барудың қажеті жоқ екеніне риза болды. Күндізгі стационар енді өздері келіп отыр!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық