Балқашта «Гематология орталығы» ЖШС-нің дәстүрлі Пациент мектебі ерекше форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар дәрігер-спикерлермен бетпе-бет кездесті.
Спикерлер: «Гематология орталығы» ЖШС бас директоры, «Қазақстан гематолог-дәрігерлер қоғамы» РҚБ төрайымы Ирина Алексеевна Пивоварова;
Орталықтың медициналық директоры, м.ғ.к., 18 жылдық тәжірибесі бар гематолог Антон Анатольевич Клодзинский;
Пациенттерді қолдау қызметінің жетекшісі Марина Суликoвна Чейшвили.
— «Офлайн форматты біз ұзақ үзілістен кейін қайта жандандырдық», – деп атап өтті Антон Анатольевич Клодзинский. – «Кездесу мазмұнды өтті: медициналық мәселелермен қатар әлеуметтік тақырыптарға да сұрақтар қойылды».
Биыл «Гематология орталығы» ЖШС дәстүрлі шығарылымдардан бөлек жаңа оқу форматтарын енгізуде. Бұрынғы форматта мектептердің тек тақырыптары ғана емес, мазмұны да алдын ала дайындалатын. Ал биыл екі рет кездесулер «сұрақ-жауап» үлгісінде өтті. Бұл формат қатысушылардың зор қолдауына ие болды: олар тек аурулар жөнінде жалпы мәлімет қана емес, өздерінің нақты жағдайына қатысты ақпарат та ала алды.
Балқаштағы кездесудің тақырыбы ашық болды – белгілі бір ауру аясымен шектелмей, гематологияға қатысты кез келген сұрақ қойылды. Пациенттерді қолдау қызметінің жетекшісі Марина Суликoвна Чейшвили атап өткендей, көптеген өзекті сұрақтар көтерілді.
— «Егер мүмкіндік болса, пациенттер спикерлерді кешке дейін жібермес еді! Мүмкін, осындай мектептерді басқа қалаларда да өткізу керек шығар. Бұл тек пациенттерге ғана емес, бізге де қажет», – деді ол.