«Гематология орталығы» ЖШС-нің Өскемен қаласындағы филиалына еліміздің бас штаттан тыс гематологы Вадим Кемайкин іссапармен келді.

Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының (ҰОТҒО) мамандарының Қазақстан Республикасының өңірлеріне сапары басталды. Алғашқы болып еліміздің бас штаттан тыс гематологы Вадим Кемайкиннің жетекшілігімен жұмыс тобы Өскемен қаласындағы «Гематология орталығы» ЖШС филиалына барды. Аталған филиал ҰОТҒО-мен ашылған күннен бастап тығыз әрі нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді.

Сапарлардың басты мақсаты – сәуір, мамыр және маусым айларында Қазақстанның барлық өңірлерін қамти отырып, өңірлер мен Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы арасындағы өзара байланысты нығайту. ҰОТҒО кеңею үстінде, жаңа ғимараттың құрылысы жүріп жатыр, ол бүкіл Қазақстан бойынша пациенттерге трансплантация көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Вадим Кемайкин және оны ертіп келген мобильді топ мүшелері – ҰОТҒО өкілдері Нұргүл Әждарова мен Альмира Жұқубаева – ШҚО бөлімшесінің ұжымымен кездесуде осы мәселелерді талқылады. Елдің бас штаттан тыс гематологы және оның әріптестері филиал жұмысымен танысып, «Гематология орталығы» ЖШС Өскемен бөлімшесі ашылған күннен бастап тиімді ынтымақтастық орнатқанын, өзара әрекеттестіктің тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Трансплантацияны қажет ететін науқас Орталыққа жіберілер алдында барлық қажетті көмекті алады, ремиссия кезеңіне шығарылады, толық тексеруден өтеді, сондай-ақ оның доноры да тексеріледі. Биылдан бастап бөлімше мамандары ҰОТҒО әріптестерімен бірге апта сайын трансплантацияға дайындалатын науқастардың тарихын онлайн-форматта талқылап келеді. Ал орталық өкілдерімен офлайн кездесу – нағыз және болашақ пациенттердің өмір үшін күресте барлық жағдайды жасауға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық