Қарағанды медицина университеті (Karaganda Medical University) — гематология резидентурасы бар санаулы ЖОО-лардың бірі (ішкі аурулар кафедрасы №2; клиникалық база — «Гематология орталығы» ЖШС).

Қазіргі уақытта 4 жас дәрігер білімін жалғастыруда. Барлық резиденттер өткен жылдан бастап биохимия кафедрасының белсенді қолдауымен гемакондардағы эритроциттердің гемолизін бағалаудың екі әдісін салыстыру бойынша шағын зерттеу жүргізді, биыл нәтижелерін жариялап, Толқын Марғұланқызы оларды Таразда өткен халықаралық қатысумен ұйымдастырылған «Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері» атты конференцияда баяндады. Конференцияны Трансфузиологияның ғылыми-өндірістік орталығы ұйымдастырды.

Бұл біз үшін маңызды әрі қуанышты оқиға. Гематология да, басқа да көптеген медициналық мамандықтар сияқты, зерттеулерсіз тек кәсіпке айналып қалады, ал ілгерілеу тек елеулі ғылыми құрамдас бөлік болғанда ғана мүмкін.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық