«Гематология орталығы» ЖШС-не патоморфология саласының сарапшысы, акад. И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің (ПСПбГМУ) өкілі – Наталия Владимировна Макаревич келді.

ПСПбГМУ патоморфологияның ғылыми-клиникалық орталығының аға лаборанты бірнеше күн бойы Қарағанды қаласындағы «Гематология орталығы» ЖШС филиалының қызметкерлеріне семинарлар, практикалық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізді, жаңа жұмыс әдістемелерін енгізді және бөлімше қызметкерлерімен бірге технологиялық процестерге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Наталия Владимировна бөлімшенің жұмысын оң бағалап, стандартты операциялық процедураларды қалыптастырудағы тәсілге жоғары баға берді, дәрігерлер мен персоналдың сауаттылығы мен құзыреттілігін атап өтті. Сондай-ақ ол лаборанттардың кәсібилігіне риза болды.

Қарағанды медицина университетінің патанатомия кафедрасы зертханасына барған сапарынан да жақсы әсер алды. Сарапшы бұл ынтымақтастықты болашағы зор деп атады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық