«Гематология орталығы» ЖШС, «Қазақстан гематолог-дәрігерлер қоғамы» РҚБ және «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ бірлесіп білім беру іс-шараларының циклін өткізеді.

📅 19 қыркүйектен бастап «ҚМУ» КЕАҚ базасында қашықтықтан біліктілікті арттыру циклі «Акушерлік гематология» ұйымдастырылады (2 апта, 120 сағат).

Тыңдаушылар ретінде шақырылады:

  • гематолог-дәрігерлер,
  • жалпы тәжірибе дәрігерлері,
  • акушер-гинекологтар,
  • терапевтер.

Курс аясында жүкті әйелдердегі гемостаздың физиологиясы мен патологиясы бойынша дәрістер оқылады. Оларды медицина ғылымдарының докторы, профессор, ФГБУ «В.А. Алмазов атындағы СЗФМҒО» Санкт-Петербург клиникалық зертханалық диагностика және генетика кафедрасының меңгерушісі Татьяна Владимировна Вавилова жүргізеді. Оның қатысуымен клиникалық жағдайларды талдау да өткізіледі. Курстың тақырыбы аясында клиникалық жағдайларыңызды алдын ала мына электронды поштаға жіберуіңізді сұраймыз: clinical_case@hemcenter.kz .

Циклге қатысушылар жүкті әйелдердегі қан ауруларын жүргізу бойынша теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болады. 💰 Оқыту құны – 42 200 теңге (ҚҚС-мен бірге).

📩 Өтінішті мына эл. поштаға жолдауға болады: zharbolova@qmu.kz , ramazanova@qmu.kz . ☎️ Анықтама үшін телефондар: (87212) 50-39-30 (1723, 1732).

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық