«Гематология орталығы» ЖШС Балқаш қаласының тұрғындарына арнайы жаңа қабылдау форматын әзірлеп, енгізді.

Көшпелі күндізгі стационарға консультация, пациенттерді тексеру және бұған дейін Балқаш пен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолжетімсіз болған зерттеулер кіреді.

Екі күндік жұмыс барысында «Гематология орталығы» ЖШС медициналық директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, гематолог-дәрігер Антон Анатольевич Клодзинский және Қарағанды филиалының гематолог-дәрігері Анастасия Александровна Олифирович пациенттерді тексеріп, трепанобиопсия, сүйек кемігін пункциялау, генетикалық талдауларға сынама алу және қанның ұю факторларын анықтау зерттеулерін жүргізді. Бұрын мұндай зерттеулерден өту үшін пациенттерге Қарағанды қаласының күндізгі стационарына бару қажет болатын.

«Бүгін Балқашта жұмыс істеген дәрігерлер тобына үлкен алғыс айтамын, — деп жазды өз пікірінде пациент О. – Зерттеуге келе жатып қатты қорықтым. Бірақ дәрігерлердің қарым-қатынасы қорқынышты бірден сейілтті!»

— «Біз медициналық көмекті өңір тұрғындарына жақындаттық және мұның тұрақты түрде жұмыс істегенін қалаймыз», – деп қорытындылады жұмысты Антон Анатольевич. – «Қажеттілікке қарай әрі қарай да келіп, Балқаштағы офлайн қабылдауларда, онлайн және гибридті консультациялар барысында тағайындалған зерттеулерді сапалы жүргізуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл формат Балқашта екі айдан бері табысты жұмыс істеп келеді».

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық