Мектеп онлайн форматта ертең, 14 желтоқсанда, сағат 18:00-де өтеді. Тақырыбы – иммундық тромбоцитопения (ИТП).

Бағдарламада: иммундық тромбоцитопения туралы толық мәлімет: аурудың сипаттамасы, белгілері, пайда болу себептері, қауіп факторлары, барлық кезеңдердегі диагностикасы мен емі, ИТП-мен ауыратын пациенттердің өмір салтын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Лекцияларды тәжірибелі гематолог-дәрігерлер оқиды, соның ішінде «Гематология орталығы» ЖШС Астана қаласындағы бөлімшенің жетекшісі Меруерт Серіктаевна Сатаева.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан қолдау алу жолдары туралы ақпарат қажет ететіндер үшін республикалық қоғамдық бірлестік «Гемобластозбен ауыратын мүгедектер қауымдастығының» президенті Ләззат Әліковна Ахмедьярованың баяндамасы пайдалы болады. Тақырыбы – иммундық тромбоцитопениямен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері.

📅 Күні: 14 желтоқсан 2022 ж. 🕕 Уақыты: 18:00 (Алматы уақыты) 🌐 Формат: онлайн (ZOOM)

ZOOM қосылу сілтемесі

🆔 Конференция идентификаторы: 833 1591 7321 🔑 Қол жеткізу коды: 244528

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық