«Гематология орталығы» ЖШС аккредиттеу процедурасынан сәтті өтіп, дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігін рақтады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген инспекциялық бағалаудың нәтижелері бойынша ұйымға белгіленген стандарттарға сәйкестік сертификаты берілді.
Тиісті дәріханалық практика (GPP) — бұл дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған дәрілік заттарды сақтау, есепке алу, босату және сапасын бақылау талаптарының жүйесі.
Осы стандарттарға сәйкестікті растаудың маңызы зор, өйткені ол пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық кезеңдерінің сақталуына, дәрілік заттардың айналымына байланысты тәуекелдерді азайтуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға кепілдік береді.
Сертификат алу Орталықтың фармацевтикалық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігіне халықаралық тәсілдерді енгізу бойынша жүйелі жұмысын көрсетеді.