Біздің әріптесіміз Алматы қаласында өткен халықаралық нефрология конгресіне – «ВАЖНАЯ ВЕХА: нефрологияның көпқырлы бағыттары мен тұжырымдамалық тәсілдері» қатысып қайтты. Іс-шараны ҚР «Ұлттық бүйрек қоры» ҚҚ ұйымдастырды.
Конгреске Түркия, Германия, Польша, Ресей және Беларусь елдерінің нефрологтары, эндокринологтары, кардиологтары, гематологтары және ПМСП дәрігерлері қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі – пәнаралық өзекті мәселелер болды.
Бұл конференцияға «Гематология орталығы» ЖШС медициналық директоры, м.ғ.к. Антон Анатольевич Клодзинский қатысты. Ол нефрологтар және трансплантологтармен бірге бүйрек ауруларымен байланысты кейбір гематологиялық диагноздарды талқылады: көптік миелома, алғашқы амилоидоз, бүйрекке қатысты моноклональды гаммапатия және т.б.
— «Мұндай талқылаулар біздің пациенттер үшін өте пайдалы», – деп атап өтті Антон Анатольевич. – «Алынған білім, бір жағынан, гематологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, екінші жағынан – бүйрек ауруларының кейбір түрлерін емдеудің тиімділігін арттырады. Кейде мұндай сырқаттардың себебі қан аурулары болып шығады және оларды гематологтар параллельді түрде сәтті емдей алады. Пәнаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастық гематологтарды, нефрологтарды және басқа да мамандарды байытады. Ақыр соңында мұның бәрі пациенттердің игілігіне бағытталған».