Ғылыми қызмет туралы
Өз миссиясына қол жеткізу үшін Орталық траекторияларының бірі ретінде гематология саласындағы басым бағыттар бойынша ғылыми әлеуетті дамыту мен ғылыми әзірлемелерді ілгерілетуді анықтады. Бұл бағыттар халық денсаулығын сақтау мен нығайтуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық инновациялық өнімдерді құруға, ғылыми тәжірибені, білім беру қызметін және емдеу үдерісін интеграциялауға бағытталған.
2019 жылы Орталық ҚР Білім және ғылым министрлігімен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді (Куәлік №005567). Бұл мәртебе мемлекеттік бюджет және басқа да қаржыландыру көздері есебінен ғылыми зерттеулердің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Орталық денсаулық сақтау тәжірибесіне, сондай-ақ жоғары және кәсіптік білім беру жүйесіне клиникалық және ғылыми зерттеулерді енгізу базасы болып табылады. 2022 жылдан бастап Орталық өзінің филиалдары мен бөлімшелерімен бірге гематология саласындағы клиникалық зерттеулерге белсенді қатысып келеді.
Орталықтың ғылыми қызметі халықаралық стандарттарға сәйкес зерттеулер жүргізу бойынша білімдері мен дағдылары бар білікті медициналық персоналмен жүзеге асырылады. Орталық қызметкерлері өздерінің зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық ғылыми іс-шараларда ұсынады, сондай-ақ елдің жетекші ғылыми басылымдарында және шетелдік базаларда жариялайды.
Байланыс деректері: Волянская Надежда Владимировна
📧 nadezhda.volyanskaya@hemcenter.kz
📞 +7 701 805 17 29