Гематология орталығы мен «Қазақстан гематолог-дәрігерлер қоғамы» РҚБ қан аурулары бар пациенттерге гематологиялық көмектің сапасын арттыруға және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған саясатты әзірлеу ісінде билікпен диалогқа белсенді қатысып келеді.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен кеңесте Орталықтың басшысы Ирина Пивоварова медициналық қызметтерді цифрландыру саласындағы проблемаларды талдап, бұл процесті жетілдіруге қатысты ұсынымдар айтты.
Цифрландырудың маңызды бағыттарының бірі — қашықтан қызметтерді іске асыру. 2020 жылы Гематология орталығы пациенттерге 6500 қашықтан қызмет көрсетті. Бұл карантиндік шектеулер кезеңінде медициналық көмектің қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, қашықтан консультациялар консультациялық қызметті күтетін уақытты қысқартуға, пациентке кейінге қалдырылған уақыт ішінде дәрігерге сұрақ қоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, И.А. Пивоварованың сұхбатын «Ұлағатты медицина» журналынан оқуға болады.