Маусымдық гематолог мектептерін «Қазақстан онкогематологтарының кәсіби қоғамы» қоғамдық қоры ұйымдастырады. Бұл «мектептерде» Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дәрігерлер тәжірибе алмасады, клиникалық жағдайларды талқылайды, резиденттер мен жас гематологтарды клиникалық ақпаратты сауатты ұсынуға үйретеді.

«Гематология орталығы» қызметкерлері мектеп жұмысына спикер ретінде бұған дейін де қатысқан болатын. Алайда бұл жолы Орталықтың 12 өкілі баяндама жасап, белсенді қатысушы болды.

Спикерлер мен сарапшылар қатарында «Гематология орталығы» ЖШС бас директоры И.А. Пивоварова, медициналық директор А.А. Клодзинский, сондай-ақ дәрігерлер М.С. Сатаева, Л.Д. Заблоцкая, Ж.К. Серікболова, А.Е. Есімбекова, А.В. Зинченко, Н.Е. Антонова, М.А. Каханова, А.Ж. Анафина, М.С. Саулебекова және А.О. Лысенко болды. Қатысушылар біздің спикерлердің жоғары деңгейдегі дайындықтары мен кәсібилігін атап өтті.

«Гематология орталығы» ЖШС «Қазақстан онкогематологтарының кәсіби қоғамы» қорына мектепті ұйымдастырғаны және көпжылдық серіктестігі үшін алғыс білдіреді.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық