«Гематология орталығы» дәрігерлері лимфо- және миелопролиферативті аурулар бойынша гематологтар мен патоморфологтарға арналған ауқымды халықаралық практикумға қатысты.
Онкогематологиялық ауруларды диагностикалауда гистологиялық зерттеудің орны – іс-шараның негізгі тақырыбы болды. Практикумға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 80-нен астам қатысушы жиналды. Құрметті қонақ әрі белсенді спикер ретінде Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің профессоры, м.ғ.д. Вадим Валентинович Байков сөз сөйледі.
Екі күн бойы дәрігерлер мен ғалымдар клиникалық жағдайларды ұсынды, эксперттік талдау жүргізді, дәрістер оқыды. Спикерлер қатарында Қазақстанның бас штаттан тыс гематологы В.М. Кемайкин, сондай-ақ еліміз бен шетелдің онкогематологиялық бейіндегі жетекші ұйымдарының дәрігерлері мен өкілдері болды. Олардың ішінде: РҚБ «Қазақстан гематолог-дәрігерлер қоғамы» (іс-шараның ұйымдастырушысы), «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, «ҚазОРҒЗИ» АҚ, ҚҚ «Қазақстан онкогематологтарының кәсіби қоғамы», «Гематология орталығы» ЖШС, «Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру орталығы» (Ташкент), «Ұлттық онкология және гематология орталығы» (Бішкек) және т.б.
Спикерлердің 26-сының 15-і – «Гематология орталығы» ЖШС қызметкерлері болды. Олардың қатарында: И.А. Пивоварова – РҚБ «Қазақстан гематолог-дәрігерлер қоғамы» төрайымы, «Гематология орталығы» ЖШС бас директоры; А.А. Клодзинский, М.С. Сатаева, И.Г. Баландинская, А.В. Зинченко, Л.Д. Заблоцкая, А.Е. Есімбекова, Н.В. Волобуева, А.А. Бейсенова, М.Р. Науразбаева, М.С. Абылхалимова, О.В. Брунер, А.К. Баймурзина, М.С. Саулебекова, А.О. Лысенко.
Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз және осындай ауқымды әрі маңызды іс-шараға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз. Өйткені оның басты мақсаты – пациентке қамқорлық жасау және оған көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.