Шілде айында бас директор Ирина Пивоварова мен медициналық директор Антон Клодзинский келесі мекемелерге іссапар жасады:

  • Р.М. Горбачева атындағы Балалар онкологиясы, гематологиясы және трансплантологиясы ғылыми-зерттеу институты,
  • И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті,
  • И.И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университеті,
  • В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медицина ғылыми-зерттеу орталығы,
  • «ЛабВэйв» ЖШҚ,
  • Ресейдің Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің Гематология және трансфузиология ғылыми-зерттеу институты,
  • Гемофилиямен ауыратын науқастарды емдеу жөніндегі қалалық орталық (Санкт-Петербург),
  • «ЮНИМ» ЖШҚ (Мәскеу).

Кездесулер барысында гематологиялық ауруларды диагностикалау, соның ішінде қашықтан технологияларды пайдалану, білім беру және ғылыми зерттеулерге қатысу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық