Ол аралас форматта өтеді: қарағандылықтар үшін офлайн, ал басқа қалалардан қатысушылар үшін онлайн. Тақырып – созылмалы миелолейкоз.

Мектеп бағдарламасында созылмалы миелолейкоз туралы білуге қажетті барлық ақпарат қамтылған: аурудың сипаттамасы, белгілері, пайда болу себептері, қауіп факторлары, диагностикасы мен емдеудің барлық кезеңдері, сондай-ақ ХМЛ науқастарына арналған өмір салтын ұйымдастыру ерекшеліктері. Дәрістерді Гематология орталығының тәжірибелі әрі жоғары білікті дәрігерлері оқиды: Меруерт Серіктаевна Сатаева, Михаил Сергеевич Фоминых, Гүлмира Әлиевна Әлина. Дәрістерден бөлек, бағдарламада пациенттердің сұрақтарына жауап беруге уақыт қарастырылған.

Мектептің ұйымдастырушысы – «Гемобластозбен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» РҚБ. Қауымдастық президенті Ләззәт Әліқыз Қахмедьярова ассоциацияның қызметі мен ХМЛ науқастары кездесетін негізгі мәселелер туралы айтып береді.

Созылмалы миелолейкозбен ауыратын науқастарға арналған мектеп 16 наурызда, сағат 17:00-де өткізіледі. Өтетін орны (офлайн қатысушылар үшін): Қарағанды қ., Сәкен Сейфуллин даңғылы, 17.

Онлайн қосылу үшін ZOOM конференциясының сілтемесі

Конференция идентификаторы: 880 0856 4599 Қатысу коды: 426777

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық