Жеке клиникалар қауымдастығы Денсаулық сақтау министрлігі, РАҚЖО (Республикалық акушерлік-гинекологиялық зерттеу орталығы) және ӘМСҚ өкілдерімен тікелей бетпе-бет диалог жүргізді. Демалыс күндеріне қарамастан, басшылар бізбен толыққанды келіссөздер өткізді. Әңгіме ертеңгі МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер жеткізушісін таңдау ережелері туралы болды.
Бұған дейін бұл жобаны талқылап шыққанымызға қарамастан, біз тағы да әр тармақты мұқият қарап, жеткізушілер, Қор және пациенттер үшін тәуекелдерді анықтадық. Орындаушыларды тарту мүмкіндіктерін кеңейттік, өтінім беру кезінде қателерді түзетуге жағдай жасадық және тағы да басқа өзгерістер енгізілді. Білесіз бе, жүйе шынымен өзгеріп жатыр.