«Гематология орталығы» ЖШС пациент мектебінің жаңа форматтағы алғашқы шығарылымын өткізеді.

Конференцияның негізгі спикерлері — гематолог-дәрігерлер Антон Клодзинский, Меруерт Сатаева және Алия Искакова. Олардың баяндамалары пациенттер жолдаған сұрақтардың негізінде дайындалған. Бұрыннан сұрақ қойып үлгермегендер үшін конференция барысында сұрақ қою мүмкіндігі болады.

Егер белгіленген уақытта мектепке қосылу мүмкін болмаса, сұрақтарды алдын ала Пациенттерді қолдау қызметінің WhatsApp нөміріне +7 777 079 3165 жолдауға болады: дәрігерлер оларға жауап беруге тырысады. Ал мектептің жазбасы қалағандардың барлығына жіберіледі.

📅 Күні: 19 мамыр 🕡 Уақыты: 18:30 (Алматы уақыты) 🔗 Қосылу сілтемесі: ZOOM

🆔 Конференция идентификаторы: 842 5988 6231 🔑 Қол жеткізу коды: 511906

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық