Біздің мамандар халықаралық Гематологтардың қысқы мектебін өткізуге белсене қатысты. Мектеп «Қазақстан гематолог-дәрігерлер қоғамы» РҚБ және «Қазақстан онкогематологтар қоғамы» ҚҚ-ның ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.
Ең есте қаларлық оқиға — талқылау клубы болды. Онда нақты клиникалық жағдайлардың мысалында дәрігерлер диагностиканың жалпы мәселелерін және емдеуге көзқарастарды талқылады. Сондай-ақ, жас гематологтар мектебінде дәрігерлер мен резиденттер жасуша биологиясына, химиясына, биохимиясына және тіпті физикасына терең үңіліп, ағзада жүретін үдерістер мен дәрілердің әсер ету механизмдері туралы базалық білімдерін толықтырды, сондай-ақ олардың ықтимал әсерлерін қарастырды.
Іс-шара материалдарымен www.oncohematology.kz сайтында танысуға болады.