«Қазақстандық гематолог-дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қаласының бас штаттан тыс гематологы Татьяна Федоровна Бараникпен және «Гематология орталығы» ЖШС-мен бірлесіп, Астана қаласының алғашқы медико-санитарлық көмек (АМСК) дәрігерлеріне арналған оқыту семинарларының сериясын өткізуді жалғастыруда.
Бұл іс-шаралардың мақсаты — гематологиялық және онкогематологиялық ауруларды ерте диагностикалау деңгейін арттыру, зертханалық зерттеулерді интерпретациялау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ АМСК деңгейінде пациенттерді маршруттауды оңтайландыру.
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына және емхана басшыларына іс-шараларды ұйымдастыруға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз.