Қарағанды филиалының клиникалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, «Гематология орталығы» ЖШС қызметкері Алёна Васильевна Зинченко республикалық «Денсаулық сақтау ісінің үздігі – 2025» байқауы аясында «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрметті төсбелгісімен марапатталды.
Алёна Васильевна – жоғары білікті дәрігер және клиникалық команданың көшбасшысы. Ол гематологиялық ауруларды терең меңгерген, тамаша диагност, ең күрделі науқастармен жұмыс істейді, әр пациент үшін ең тиімді және қолайлы ем тәсілін таңдауға тырысады, әрбір адамның өмірі үшін күреседі және қиындықтардан қорықпайды.
Тәлімгер ретінде Алёна Васильевна жас мамандарды үйретіп, қолдау көрсетеді, жауапкершілік мәдениетін, кәсіби өсуге және үздіксіз дамуға ұмтылуды қалыптастырады.
Алёна Васильевнаны шын жүректен құттықтаймыз және өз ісіне, сондай-ақ пациенттерге деген адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз!