«Гематология орталығы» ЖШС кезекті виртуалды Пациент мектебінің қатысушысы болуға шақырады! Миелофиброз және шынайы полицитемия туралы көбірек білгісі келетіндердің барлығы 29 сәуір күні ZOOM арқылы бізге қосыла алады!

Patient School

Тәжірибелі гематолог-дәрігерлер миелофиброздың не екенін, оның қалай байқалатынын, аурудың пайда болу себептері мен қауіп факторларын, пациенттердің өмір салтының ерекшеліктерін, ерте және кеш кезеңдеріндегі диагностикасы мен емделу жолдарын баяндайды. Мектептің екінші бөлімінде шынайы полицитемияға қатысты – аурудың себептері, белгілері, қауіп факторларының ықпалы және тағы басқа мәселелер егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Әлеуметтік қолдау тақырыбында РҚБ «Гемобластозбен ауыратын мүгедектер қауымдастығының» президенті Л.А. Ахмедьярова сөз сөйлейді. Тақырыбы – миелофиброз және шынайы полицитемиямен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері.

Виртуалды мектепке қатысушылар пайдалы ақпарат алып қана қоймай, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын да қоя алады.

Өткізу күні: 29 сәуір Уақыты: 18:00 (Алматы уақыты) Қосылу сілтемесі: ZOOM

Конференция идентификаторы: 817 9072 4622 Қол жеткізу коды: 901622

Қатысу тегін! Сіздерді асыға күтеміз!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық