«Гематология орталығы» ЖШС Балқаш тұрғындары үшін жаңа консультация форматын әзірледі.

Бетпе-бет қабылдау мен онлайн-видеобайланысты біріктірген бұл үлгі шартты түрде гибридті консультация деп аталды. Оның енгізілуі аймақтағы гематологиялық бейіндегі аурулары бар тұрғындарға өз орнында емін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа форматта пациенттерді тікелей дәрігердің көмекшісі қабылдайды. Ол – фельдшерлік білімі бар және «Гематология орталығы» Қарағанды филиалында арнайы дайындықтан өткен маман. Дәрігердің көмекшісі құжаттаманы рәсімдеп, тексеру үшін қажетті қосымша ақпарат жинайды және қабылдауды онлайн жүргізетін дәрігерді бейнебайланысқа қосады. Пациент онымен сөйлесіп, сұрақтар қоя алады. Дәрігердің көмекшісі пациентті қарап, соматикалық статусы туралы мәлімет береді. Соның негізінде дәрігер қорытынды жасайды (пациент түсінбегенін нақтылай алады), ал қорытынды қағаз түрінде, мөр мен қол қойылып, көмекші арқылы пациентке беріледі.

Балқашта пациенттерді Макпал Сертаевна Абылхалимова (Instagram-аккаунт: dr.gematolog), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Гематология орталығы» бөлімшесінің гематолог-дәрігері қабылдайды.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық