2026 жылғы 17 сәуірде Қарағанды қаласындағы «Террикон алқабы» IT-хабында Гематология орталығы күндері аясында ұйымдастырылған «Медициналықнехакатон» олимпиадасы өтті.

Іс-шараға кәсіби дамуға және «Гематология» мамандығымен танысуға қызығушылық танытқан Қарағанды медицина университетінің (ҚМУ) 30 жоғары курс студенті қатысты.

Гематология орталығы «ҚМУ» КЕАҚ пен «СМУ» КЕАҚ-тың «Гематология» мамандығы бойынша клиникалық базасы болып табылады, онда резиденттер мен жас гематолог-дәрігерлер білім алады. Хакатонның өткізілуі болашақ мамандардың Орталықтағы оқу мүмкіндіктерімен, жұмыс жағдайларымен және кәсіби өсу жолдарымен кеңінен танысуына арналған маңызды алаңға айналды.

«Медициналықнехакатон» аясында қатысушылар практикалық кейстермен жұмыс істеп, аналитикалық ойлау қабілетін, мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасын және командалық жұмысын көрсетті. Шараның басты мақсаты — болашақта өз тағдырын гематологиямен байланыстыра алатын дарынды, бастамашыл және перспективалы студенттерді анықтау.

Гематология орталығы барлық қатысушылар мен оқытушыларға қызығушылық танытып, белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін Орталығымыздың жас гематолог-дәрігері Тұрғынова Азалия Ермекқызына ерекше алғыс айтамыз.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық