Нағыз полицитемия дегеніміз не?

🧾 Нағыз полицитемия (истинная полицитемия) – бұл қан ауруы, созылмалы лейкоздың бір түрі, яғни миелопролиферативті ісік ауруы. Бұл кезде сүйек кемігі тым көп қан жасушаларын (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) шығарады.

Эритроциттер – гемоглобин арқылы оттегін тасымалдайды

Лейкоциттер – инфекциядан қорғайды

Тромбоциттер – қан кетуді тоқтатады

🙅‍♂️ Бір қарағанда, бәрі көп болса жақсы сияқты. Бірақ қан жасушалары шамадан тыс көбейгенде ағзада түрлі мәселелер туындайды.

❓Қандай мәселелер болуы мүмкін?

✔️ Бас ауруы, әлсіздік, бас айналу ✔️ Көп терлеу ✔️ Қатты қышу, әсіресе жылы душ немесе ваннадан кейін ✔️ Буын аурулары, подагра (үлкен башпайда және басқа буындарда қатты ауру) ✔️ Қол-аяқта күйдіргендей ауырсыну, қызару немесе көгеру ✔️ Тромбоз және қан кету қаупінің жоғарылауы (тромбоциттер тым көп болғанда парадоксалды түрде қан кету қаупі де артады) ✔️ Көру проблемалары: қара дақтар, ұшқындар, жарқылдар ✔️ Іштің жоғарғы бөлігінде ауырсыну, тез тою сезімі (көкбауырдың үлкеюіне байланысты)

❓Полицитемия қалай анықталады?

✳️ Негізгі екі әдіс қолданылады:

Сүйек кемігінің биопсиясы (трепанобиопсия)

Генетикалық маркерлер, ең жиісі – JAK2 мутациясы

❓Полицитемия қалай емделеді?

✔️ Қан алу (кровопускание) ✔️ Аспирин (төмен дозада) ✔️ Сүйек кемігінің эритроциттерді тым көп шығаруын тежейтін дәрілер:

гидроксимочевина

интерферон-альфа

бусульфан

кейбір жағдайларда JAK2 тежегіштері (қазір 2-ші қатарлы ем ретінде қолданыла бастады)

💊👩🏼‍⚕️ Дәріні таңдау жолын дәрігер анықтайды.

🔥 Тағы нені білу маңызды?

🙈 Тромбтар мен жүрек ұстамасының қаупі шылым шегетіндерде, артериялық қысымы жоғары адамдарда, артық салмақтағыларда көбірек. Сондықтан осы қауіп факторларын міндетті түрде бақылау керек. 🙊 Ем кезінде пайда болған кез келген симптомды немесе мәселені дәрігерге хабарлау қажет. 🙉 Емдеу барысында әртүрлі шешім қабылдау керек болады: қай емді, қашан бастау керек.

🛑 Әр жолы ем ұсынғанда дәрігерге сұрақ қойыңыз:

💓 Бұл емнің пайдасы қандай? Ол өмірімді ұзарта ма? 💓 Бұл ем симптомдарды азайта ма немесе алдын ала ма? 💓 Бұл емнің кемшіліктері қандай? 💓 Бұдан басқа ем нұсқалары бар ма? 💓 Егер мен бұл емді қабылдамасам, не болады?

Иммундық тромбоцитопенияны (ИТП) емдеу неден басталады? F2, F5 мутациялары және түсіктің әдеттегі қайталануы: жаңа деректер