Хроникалық миелолейкоз (ХМЛ): Таблет қабылдауды тоқтатуға бола ма?
💊 Қысқа жауап: болады, бірақ ол жылдам да, оңай да емес, барлық науқастарға да бірдей емес.
☝️❗ Емдеуді тоқтату тек молекулалық мониторингі жоғары сапада жүргізілетін мамандандырылған орталықтарда ғана жүзеге асырылуы тиіс!
🛑 Емдеуді тоқтатқаннан кейін шамамен 50% науқастарда молекулалық жауап жоғалуы мүмкін, бірақ емді қайта бастағанда олардың басым көпшілігінде жауап қайта қалпына келеді.
⭕ MMR, MR4, MR4.5 және MR5 деңгейлері арасындағы ауытқулар жауап жоғалту деп саналмайды.
⭕ Молекулалық рецидивтердің шамамен 80% тоқтатудан кейінгі алғашқы 6–8 айда дамиды.
✅ Емді (тирозинкиназа тежегіштерін) тоқтатудың негізгі шарттары
⚠️ Міндетті: 🟢 ХМЛ тек созылмалы фазада болуы тиіс (өткенде де, қазір де акселерация немесе бласттық криз болмаған) 🟢 Молекулалық мониторинг нақты уақыттағы ПТР әдісімен, халықаралық шкала (IS) бірліктерінде жүргізілуі керек 🟢 Мониторинг жиілігі:
алғашқы 6 айда – ай сайын
келесі 6–12 айда – әр 2 ай сайын
ары қарай – әр 3 ай сайын
⚠️ Оптималды: 🟢 Тирозинкиназа тежегішін қабылдау ұзақтығы кемінде 5 жыл 🟢 Терең молекулалық жауап (DMR) ұзақтығы:
MR4 деңгейінде – кемінде 3 жыл
MR4.5 деңгейінде – кемінде 2 жыл
🙏 Ешқашан емдеуді өз бетіңізбен тоқтатпаңыз, тіпті ұзақ уақыт терең молекулалық жауапта болсаңыз да.
Миелодиспластикалық синдромдар (МДС) Хроникалық миелолейкозбен (ХМЛ) қалай өмір сүруге болады