Дазатинибтің жанама әсерлері


Dasatinib

Дазатиниб – иматинибке қарағанда белсендірек препарат, бірақ оның жанама әсерлері де әдетте айқынырақ болады. Жиі жанама әсерлер:

  • Ісінулер
  • Бас ауруы
  • Шаршағыштық
  • Қандағы көрсеткіштердің төмендеуі: тромбоциттер, лейкоциттер, анемия (гематологиялық уыттылық)
  • Жиі асқазан-ішек симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея (өте жиі – 17–31%)
  • Сирек, бірақ маңызды әсерлер
  • Жүрек ырғағының бұзылыстары (ЭКГ бақылауы, QT аралығының есептелуі және дәрілік өзара әсерін ескеру қажет)
  • Асқазан-ішек жолынан қан кету
  • Қан құйылулар
  • Сұйықтықтың жиналуы

Дазатиниб сұйықтықтың іркілуін тудыруы мүмкін, соның ішінде:

  • Плевралды және перикардиалды эффузиялар
  • Өкпелік гипертензия
  • Жиі ісінулер

Бұл жанама әсерлер әдетте диуретиктермен (мочегонные препараттармен) бақыланады. Плевральды пункция тек ерекше жағдайларда қолданылады және симптомдары айқын емес науқастарға ешқашан жасалмайды.