МИССИЯ

Қан ауруларымен ауыратын пациенттерге халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету

КӨРІНІС

Әрбір пациентке қамқор әрі кәсіби көмек көрсететін жүйені қалыптастыратын инновациялар, білім және жанашырлық тоғысқан жетекші онкогематологиялық орталыққа айналу


Гематология орталығы – Қазақстан Республикасындағы қан ауруларымен ауыратын пациенттерге тәулік бойғы және күндізгі стационар форматында медициналық қызмет көрсететін алғашқы жеке гематологиялық клиника.

Орталықтың негізін қалаушылар – Республикадағы жетекші гематологтар. Орталықтың мамандары Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының құрамында жұмыс істей отырып, сүйек кемігін трансплантациялау бағдарламасының бастауында тұрды, гемофилия мен Виллебранд ауруы кезінде гемостаз жүйесінің ауыр патологиясы бар пациенттерге ірі ортопедиялық операцияларды енгізді, сондай-ақ қан жүйесі аурулары бар жүкті және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетудің кешенді жобаларына қатысты.

Орталықтың барлық мамандары елімізде медициналық көмектің негізін айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге белсене қатысады. Бұл – Халық денсаулығы туралы Кодекстен бастап, стандарттар, салалық бұйрықтар мен клиникалық хаттамаларға дейін, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде гематологтар соларға сәйкес жұмыс істейді.

Орталық басшысы – Республикалық гематолог дәрігерлер қауымдастығының негізін қалаушысы әрі Басқарма Төрағасы. Қауымдастық Қазақстандағы қан аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің сапасын арттыру үшін ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын белсенді енгізуде.

Орталықтың басты миссиясы – халықаралық стандарттарға сәйкес білікті медициналық көмек көрсету.

Орталықта сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті құрудың негізгі шарттары болып саналатын құндылықтар енгізілген. Олар: жоғары кәсібилік, барлық пациенттерге әділ көзқарас, халықаралық стандарттарды сақтау, адалдық пен ашықтық.


Стандарттар

Орталық жұмысының негізгі бағыты – тек стационарлық және амбулаторлық жағдайда пациенттерді тиімді емдеу ғана емес, сонымен қатар қан ауруларының, қатерлі ісіктердің, иммундық жүйе ауруларының терапиясы бойынша халықаралық деңгейде мойындалған біртұтас хаттамаларды енгізу және үздік халықаралық тәжірибеге негізделген заманауи сапа стандарттарын жүзеге асыру.

Жабдықталуы

Орталықта тәулік бойғы стационар төсектері, реанимациялық төсектер, амбулаторлық қабылдау кабинеттері және күндізгі стационар төсектері бар. Реанимация жеке құрылымдық блокта орналасқан, онда оқшаулау жүйесі мен ламинарлық «таза» ауа жүйесі қарастырылған.

Диагностика

Пациенттер үшін диагностикалық кезең тегін, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Диагноз қою және емдеу сапасын бақылау үшін Орталықта иммунофенотиптеу, цитогенетика, молекулалық генетика, FISH, гистологиялық және иммуногистохимиялық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар.

Қауіпсіздік

Персоналдың қауіпсіздігі мен дәрілік заттарды тиімді пайдалану үшін Орталықта қауіпсіздік жүйесі мен ламинарлық ауа ағыны орнатылған химиопрепараттарды орталықтандырылған дайындау кабинеті құрылған.