Қарағанды
«Гематология орталығы» ЖШС-нің Қарағанды қаласындағы филиалы 2018 жылы Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы және Гематология орталығы арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ашылған.
С.Сейфуллин даңғылы, 17-үй, 2-қабат
Тел.: +7 747 095 5650 (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін)
Эл. пошта: karaganda@hemcenter.kz
Бұл әріптестіктің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- ересектерге гематология саласында медициналық қызмет көрсететін жоғары білікті, бірегей стационарлық кешен құру;
- қан аурулары бар науқастарды амбулаториялық деңгейде динамикалық бақылау жүйесін енгізу;
- ауруларды ерте анықтау, диспансерлеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру;
- сондай-ақ қан жүйесінің екіншілік патология белгілері бар басқа бейіндегі науқастарға медициналық көмек көрсету.
Филиалда білікті гематолог дәрігерлер мен дәрігер көмекшілері жұмыс істейді. Мұнда клиникалық гематология саласында шешім қабылдауды қолдайтын және барлық қолданылатын технологияларды тіркейтін, пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірегей ақпараттық жүйе енгізілген.
Орталықтың қызметкерлері медициналық, диагностикалық және емдеу қызметтерінің толық спектрін көрсетеді, соның ішінде генетикалық диагностика және сүйек кемігінің иммуногистохимиялық зерттеуін жүргізеді.
Филиал Ресей мен шетелдің жетекші клиникаларымен серіктестік байланыстар орнатқан, атап айтқанда Санкт-Петербургтегі Гематология және трансфузиология ғылыми-зерттеу институтымен және Мәскеудегі Гематология ұлттық медициналық зерттеу орталығымен (ФГБУ «НМИЦ гематологии») ынтымақтасады.
Орталықта ем қабылдайтын пациенттерге Облыстық клиникалық аурухананың қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігі берілген, бұл қажетті аспаптық және зертханалық диагностикалық зерттеулерді жүргізуге және әртүрлі бейіндегі мамандардың консультацияларын алуға жағдай жасайды.
Орталықтың амбулаториялық кабинетінде диспансерлік және бастапқы қабылдау жүргізіледі, сондай-ақ Қарағанды облысының кез келген медициналық мамандығы бар дәрігерлері мен пациенттеріне арналған виртуалды консультациялар қызметі көрсетіледі.
| Басқалары | |
|---|---|
| 6-мезгіл тамақтану | 3600 |
| Биоматериалдарды Мәскеуге жеткізу | 25500 |
| Биоматериалдарды Санкт-Петербургке жеткізу | 25500 |
| Күндізгі стационар палатасындағы төсек-күн | 13000 |
| Тәулік бойы стационар палатасындағы төсек-күн | 21000 |
| Гематология | |
| Ретикулоциттерді жетілу дәрежесін анықтау арқылы талдауышта санау | 1470 |
| Жалпы клиникалық рәсімдер мен манипуляциялар | |
| Венадан қан алу | 1025 |
| Инфузомат/перфузор арқылы препараттарды енгізу (1-ші күрделілік деңгейі) | 5000 |
| Инфузоматты қолдана отырып, моноклоналды антиденелерді вена ішіне енгізу (3-ші күрделілік деңгейі) | 15000 |
| Химиопрепараттарды сұйылту және вена ішіне енгізу (2-ші күрделілік деңгейі) | 10000 |
| Консультативтік қабылдау | |
| Гематологтың қашықтықтан (сырттай, кейінге қалдырылған) кеңесі | 7000 |
| Консультация: Терапевт | 10000 |
| Трансфузиология | |
| ID -карталарындағы Кумбстың тікелей емес тестінде антиэритроцитарлық антиденелерді анықтау (сапалы тест) | 3200 |
| ID-карталарындағы Кумбстың тікелей емес тестінде антиэритроцитарлық титрді анықтау | 3200 |
| Кумбс сынағын жасау | 1750 |
| Хирургиялық клиникалық рәсімдер мен манипуляциялар | |
| Мықын-қыр сүйегінің трепанобиопсиясы, инемен | 34500 |
| Сүйек кемігінің пункциясы, инемен | 17000 |