Локалдық биоэтика мәселелері жөніндегі комиссия
ТОО «Гематология орталығы» жанындағы Локалдық биоэтика мәселелері жөніндегі комиссия (ЛКБэ) өз жұмысын 2019 жылдан бері жүргізіп келеді.
ЛКБэ – ТОО «Гематология орталығының» тәуелсіз сараптамалық органы. Оның құрамына денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы жетекші мамандар, медицина және гуманитарлық мамандықтар өкілдері, қоғамдық ұйымдар мүшелері, құқық саласының мамандары кіреді. Олар зерттеу субъектілері мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қорғауды, клиникалық және ғылыми зерттеулердің барлық кезеңдерінде, сондай-ақ олардың аяқталғаннан кейін де материалдардың этикалық және құқықтық бағасын қамтамасыз етеді.
ЛКБэ өз қызметінде мына қағидаттарды басшылыққа алады:
адамның қадір-қасиетін құрметтеу, тұлғаның автономиясын мойындау, әділеттілік, қатысушылардың амандығы мен зиян келтірмеу, кәсібилік, әріптестік, объективтілік және саяси, әкімшілік, ведомстволық немесе қаржылық ықпалдан тәуелсіздік.
ЛКБэ жұмысын мына құжаттар реттейді:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы,
- ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі,
- ҚР заңдары,
- Омыртқалы жануарларды тәжірибелік және басқа да ғылыми мақсаттарда қорғау туралы Еуропалық конвенция (1986 ж.),
- Адам құқықтары мен биомедицина туралы конвенция (1997 ж.),
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Хельсинки декларациясы (1964 ж. және кейінгі редакциялар),
- Тиісті клиникалық тәжірибе стандарты (GCP),
- Осы Ереже және басқа да салалық нормативтік-құқықтық құжаттар, сондай-ақ Орталықтың стандартты операциялық рәсімдері.
ЛКБэ-нің негізгі міндеттері:
- жаңа технологиялар, дәрілік заттар, биологиялық қоспалар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жаңа емдеу әдістерін қолданумен жүргізілетін клиникалық зерттеулердің материалдарын гуманистік, этикалық және құқықтық нормаларды сақтай отырып тәуелсіз әрі объективті бағалау;
- клиникалық зерттеу бағдарламасының тиісті клиникалық және ғылыми тәжірибе (GCP) стандарттарына сәйкестігін, сондай-ақ зерттеушілердің біліктілігін және зерттеу жүргізетін денсаулық сақтау ұйымының техникалық жарақтандырылуын бағалау;
- биомедициналық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау;
- жергілікті және ұлттық деңгейде зерттеулер жүргізу кезінде биоэтика мәселелері бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу.
ЛКБэ төрағасы – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ішкі аурулар кафедрасының профессоры Тургунова Людмила Геннадьевна.