Гематология орталығы жедел миелобластты лейкозды (ЖМЛ) диагностикалау және емдеумен айналысатын денсаулық сақтау мамандарын «Жедел миелобластты лейкоз. Теориядан тәжірибеге» атты білім беру бағдарламасына қатысуға шақырады.

Өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 22–24 мамыр, сағат 08:00–17:00.

Өтетін орны: Қарағанды қ., Сәкен Сейфуллин даңғылы, 17, «Қарағанды қаласының Гематология орталығы» филиалы.

Бағдарлама аясында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша білімдерін өзектілейді:

2022 жылғы ДДСҰ жіктемесіне сәйкес жедел миелобластты лейкоздардың клиникасы және диагностикалық критерийлері.

ELN 2022 бойынша генетикалық қауіп топтарын стратификациялау.

Ағынды цитометрия және молекулалық-генетикалық зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау, оның ішінде FLT3 мутациясын анықтау.

Гематолог дәрігер тәжірибесіндегі FLT3 мутациясының болжамдық маңызы.

ELN 2022 және NCCN 2024 ұсынымдарын ескере отырып, нақты клиникалық тәжірибеде терапияны таңдау.

Халықаралық ұсынымдар мен үздік шетелдік тәжірибеге негізделген, нақты клиникалық тәжірибеге бейімделген жергілікті клиникалық хаттамалар.

Іс-шараның мақсаты – жедел миелобластты лейкозбен ауыратын пациенттерді жүргізудегі клиникалық тәжірибені жетілдіру. Бағдарламада дәрістер, интерактивті мастер-кластар, клиникалық жағдайларды және ситуациялық тапсырмаларды талқылайтын тәжірибелік сабақтар қамтылған.

Бағдарлама гематолог дәрігерлерге арналған. Барлық мүдделі мамандарды біздің бағдарламаға қосылып, ЖМЛ-ды диагностикалау мен емдеу саласында кәсіби деңгейін арттыруға шақырамыз. Қатысушылар саны — 16 адамға дейін, ал жақын шетел мамандарының қатысуы құпталады.

Іс-шараны ұйымдастыруға жауапты тұлға: Жусупова Ақмарал Қанатқызы, телефон: +7 701 303 2134

Іс-шараны қолдаушы: Қазақстан Республикасындағы Novartis Pharma Services AG компаниясының филиалы

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық