2017 жылғы 4 тамыздан бастап Гематология орталығы Өскемен қаласындағы бөлімшесінде амбулаториялық пациенттерді қабылдауды бастады. Қабылдаудың мақсаты – диагноз қою және терапия тактикасын таңдау.

Бір қабылдау аясында пациент дәрігердің консультациясын алып қана қоймай, қажетті манипуляцияларды да жасата алады (стернальды пункция, трепанобиопсия). Бұдан бөлек, Орталықта молекулалық-генетикалық, цитогенетикалық, иммуногистохимиялық және басқа да зерттеулер жүргізуге барлық мүмкіндіктер бар, сондай-ақ Мәскеудің жетекші зертханаларында парафин блоктарын қайта қарау қызметі көрсетіледі.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық